Хабар телеарнасы

«Ортақ Абай» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы қорытындыланды

Шараға 30-дан астам өзге ұлт өкілі қатысып, бақ сынады. Мектеп оқушылары данышпан Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіріп оқыды. Байқаудың бас жүлдесін Абайдың 40 шақты өлеңі мен 10 қара сөзін жатқа айтатын ұйғыр қызы Зульфира Маисемелиеваға берді. Қалған өнерпаздар да жүлдесіз қалмады. Ынталандыру мақсатында оқушылардың барлығына қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Зульфира Маисемелиева, байқаудың бас жүлдегері:

- Мен жалпы Абай Құнанбаевтың 40-қа жуық өлеңін білемін. 5-сыныптан бері жаттап келе жатырмын. Маған Абай Құнанбаевтың өлеңдері қатты ұнайды.

Жанболат Жөргенбаев, Nur Otan партиясының ОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Әрине, бұл жобаның әрі қарай жалғасы болады. Бір қазір Zhas Otan жастар ресурсының жанынан Абай Құнанбаевтың атымен кітап алмасу жобасын ашып жатырмыз.