Хабар телеарнасы

Шымкентте аптап ыстықтың салдарынан жедел жәрдем шақыртушылар саны артты

«Күннің күрт ысуы қан қысымы жоғары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар мен егде жастағы адамдарға ауыр тиіп жатыр», — дейді дәрігерлер. Қазгидромет мамандары «ыстық әлі де жалғасады» деп отыр. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтті. Өйткені құтқару қызметіне бір тәулікте 30-ға тарта қоңырау түскен. Электр желілерінің тұйықталуынан құрғақ шөптің жануы жиілеген. Ал алғашқы медициналық қызметке бұған дейін бір тәулікте 1800 азамат хабарласса, қазір 2 мыңнан астам шақырту қабылдап жатыр. 

Қуаныш Лекеров, қалалық №1 клиникалық аурухананың бөлім басшысы:
-Жүрек-қан тамырлары ауыратын, қант диабетімен ауыратын, артериялық қан қысымы өте жоғары кісілер, жалпы қан тамырларына байланысты ауыратын адамдар ыстық күндері далаға шықпау керек мүмкіндігінше.