Хабар телеарнасы

Елордада дәстүрлі Astana Finance Days конференциясы өтті

Жиынға әлемнің 70 елінен 3 мыңға жуық қатысушы келді. Олардың қатарында сарапшылар, инвесторлар, бизнес иелері және ірі халықаралық банк, криптобиржалардың басшылары бар. Шарада инвестиция тарту, жасыл экономика, төлем жүйесін цифрландыру тақырыбы талқыланды. Қаржы саласында жүргізілген зерттеулер таныстырылды. Сала білгірлері 28 панельдік сессияда сөз сөйледі. Жиын соңында ірі компаниялар өзара келіссөздер жүргізді. 

Елена Пак, АХҚО коммуникациялар жөніндегі директоры:
-Әлемде геосаяси және экономикалық ахуал тұрақсыз болып тұр. Мұндай кезде саладағы жаңашылдық пен инвесторларға тартымды болу тәсілдерін талқылау өте маңызды. Оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға қаржы тарту мәселесі бар. Жиында әлемді алаңдатқан өзекті мәселелер талқыланды. Сарапшылар жасыл энергия мен транспорт саласын да қамтыды.