Хабар телеарнасы

Мәшһүр Жүсіптің жаңа өлеңдері табылды

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жаңа өлеңдері табылды.

Құнды қазына «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен жарық көрген бес томдыққа енді. Бүгін Елордада жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Ғұламаның алғашқы кітабы 1907 жылы Қазанда жарық көрген. Тәуелсіздік жылдары 20 томдығы басылып шықты. Дегенмен, зерттеушілер бұрынғы кітаптарда кемшілік барын айтады. Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері 40 мыңға жуық қолжазбаны сүзіп шықты. Ақынға тиесілі деген шығармаларды іріктеп алды. Жинақтың таралымы – 10 мың дана. Енді оқу орындары мен кітапханаларға таратылады.