Хабар телеарнасы

Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы қабылданды

Ұлт тарихындағы қасіретке толы ең ауыр кезеңдер Парламент қабырғасында да ескерусіз қалмады.

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар саяси репрессия құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Артынша олар қоғамдық бақылау туралы заң жобасын қабылдады. Енді халық мемлекеттік бюджеттің іске асу барысын бақылап, тексеру мүмкіндігіне ие болады. Петициялар институты да енгізілген. Яғни 50 мың азамат қол қойған мәселені мемлекеттік орган қарауға міндетті болады. Өзгеріске енген заң, әскери қызметшілер мен борышын өтеушілердің отбасына бөлімдер мен оқу орындарына барып, олардың жағдайымен танысуға да мүмкіндік береді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы: 
- Талқылау кезінде Үкіметтен келген заң жобасы бірқатар өзгеріске ұшырады. Ең бастысы, халықтың талап-тілегіне толық сай келеді деп айта аламыз. Өңірлерде жұртшылықпен кездесуде айтылған ұсыныстың барлығы қамтылды. Бір сөзбен айтқанда ауқымды жұмысты атқарды. Бұл заң жобасы президентіміздің реформаларымен толық үндесіп отыр.