Хабар телеарнасы

Елордада алғашқы цифрлық диализ орталығы ресми ашылды

Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық диализ орталығы елордада ресми ашылды. Жаңадан ашылған медициналық орталық, бүйректегі зиянды заттарды жаңа технология көмегімен сыртқа шығаруға көмектеседі. «Елімізде толығымен цифрландарылған, қағазсыз құжаттарды енгізген алғашқы клиникалардың бірі. Швецияның бұл компаниясы шалғайдағы ағайынға ақысыз және сапалы ем алуға мүмкіндік жасамақ. Барлық өңірде 53 орталығы жұмыс істейді. Бұл жобаны әрі қарай дамыту бойынша, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният күзде Швецияға іссапармен бармақ. Екі ел арасында осы және өзге де оң келісімдер жасалады», — дейді вице-министр.

Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Президент, Үкімет және Денсаулық сақтау министрлігі отандық медицинаның цифрлық дамуына аса назар аударуда. Инвестициясы салумен қатар, инвестор тартуда. Швед компаниясы еуропалық деңгейдегі өз технологиясымен шалғай ауылдарда орталықтар ашуда. Мыңнан астам жергілікті кәсіби қызметкерді жұмыспен қамтыған. Арнайы оқу жобасымен жаңа техникаға бейімдеп, айлық көрсеткіштерінде жоғары бекіткен.

Пулано Ева, Швецияның Қазақстандағы елшісі:
-Біз өз кезегімізде модернизацияланған реформаларды енгізіп, екіжақты жұмыстың жақсы нәтижесі үшін жұмыс жасаудамыз. Қазақстандағы диализ процедурасының 30% енді біздің орталықта ем-дом қабылдайды.