Хабар телеарнасы

Halyk Bank сарапшылары кәсіпкерлермен кездесті

Алматыда 300-ден астам отандық компанияның басын қосқан қазақстандық тауар өндірушілердің «Ұлттық өнім» көрмесі ашылды. Көрме Halyk Bank демеушілігімен өтіп жатыр. Halyk Bank сарапшылары үш күн бойы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, жаңа өнімдері мен қызметтері туралы баяндайды. Банк үшін көрмеге қатысу бизнес-қоғамдастықпен диалог құруға және кәсіпкерлердің қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Көрмеге жиһаз, азық-түлік, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар қойылды. Halyk Bank сарапшылары мен кәсіпкердің кездесуі ұйымдастырылды. 100 жылдық тарихы бар Halyk Bank бүгінде цифрлық технологияларға ерекше көңіл бөліп отыр. Себебі банктің басты міндеті — ең заманауи, пайдалы қызметтерді кәсіпкерлерге ұсыну.

Ольга Вурос, Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары:
-Біздің онлайн банкте клиенттерге арналған қосымша сервистер өте көп. Сіз өзіңіздің контрагентіңізді тексере аласыз. Тегін қызмет. Төлем жасайтын кезде сіз контрагентіңіздің бизнес идентификациялық номерін енгізесіз. Сол уақытта банк оның қаншалықты сенімді екенін, үстінен сотқа арыз түскен-түспегенін, күмәнды базаларда бар-жоғын анықтап береді.

Көрмеге келген кәсіпкерлерге Halyk Bank цифрлық несиелеріде таныстырылды. Мысалы, банктің POS терминалдарын ұстаушыларға, бизнесті дамытуға және мемлекеттік бағдарлама бойынша цифрлық несие қарастырылған. Яғни бүкіл процесс онлайн режимде өтеді және 15 минуттан аспайды.

Ерген Марат, Halyk Bank Алматы облысы филиалы директорының орынбасары:
-Кәсіпкерлерге арналған Халық бокс экваринг терминалына біз корпоративный карта шығара аламыз. Корпоративтік картамен біздің клиенттеріміз 1 миллион шамасында комиссиясыз біздің банк жүйесінде шеше алады. Қосымша онлайн банк біздің қосымша арқылы жаңағы өзінің выпискаларын, қалдықтарын көре алады.

1С-тен Halyk Bank-ке қаржылық есептілікті тікелей аудару қызметі де кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды. Жалпы несие берудің тартымды шарттары 30 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкерге өз бизнесін қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Радик Жақыпов