Хабар телеарнасы

Қасиетті айда Түркістанда «Руханият» саябағы ашылды

Яссы мөлтек ауданында пайдалануға берілген демалыс орнының аумағы – 7 гектар. Жаңа саябаққа 8 мыңнан аса түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл-желек аймағы кеңейтілген. Қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада тыныстап, демалуы үшін мұнда 120 орындық қойылып, 200 дана жарықшам орнатылған. Сондай-ақ балалар ойын алаңшасы жасақталған. Автотұрақ пен веложолы тағы бар. Одан бөлек түрлі рухани іс-шаралар өткізу үшін саябақ ортасында үлкен ашық алаң қарастырылған.

Ерлан Күзембаев, қала әкімінің орынбасары: 
- Елдің игілігі үшін «Руханият» саябағы деп демалыс орнын ашып отырмыз. Алдағы уақытта әр талына осы имамдар жауапкершілікпен қараймыз деген ниет қылып отыр. Қала жасыл шаһарға айналады деп сенеміз.