Хабар телеарнасы

ШҚО-дағы кен орнын кәсіпорын басшылығы суға толтырмақ

Айтуларынша, шахта қоры таусылған. Алайда Белоусовка кентінің тұрғындары бұл шешімге қарсы. Олар үш ғасырлық тарихы бар кен орнын қайтсек те сақтап қалуымыз керек деп санайды. Сондықтан қоғамдық тыңдау шақыртып, мамандар мен сарапшылардың басын қосты. Кент тұрғындарының айтуынша, шахтаны консервациялау жер асты суының ластануына себеп болуы мүмкін. Сондықтан оған жол беруге болмайды. «Мұндай қадамға бармас бұрын, кен орнының қорын әлі де зерттеу қажет», — дейді жергілікті халық. 

Станислав Кушнарёв, инженер-геолог:
-Өз бетімізше мамандармен зерттеп көрдік, шахтаны суға толтыруға болмайды. Қазылған ұңғыма арқысы су өздігімен аға береді деу қисынға келмейді. Біздің ойымызды гидролог мамандар да қолдап тұр.

Эльдар Тұмашинов, Глубокое ауданының әкімі:
-Аукцион жариялануы мүмкін, біз осыған орай салалық министрліктің не айтарын күтіп отырмыз немесе бұл жердің тағы бір үшінші тұлғаға берілуі де ықтимал. Барлық шешім мәселе жан-жақты зерттелген соң қабылданады.