Хабар телеарнасы

Ақтауда теңізшілердің ұрысқа дайындығы шыңдалды

Бірнеше кезеңге бөлінген жауынгерлік шараның бұл жолғы ерекшелігі, әскери кемелерде штаб орналасты. Яғни Су-27 жойғыш ұшақтары мен Ми-8 тікұшақтарының іс-әрекеті корабльден басқарылды. Кемелер теңізге шыққанша, жүрдек көлік тізгіндеген сарбаздар базадан қауіпсіз аумаққа шығып үлгерді. Себебі жаудың әуеден шабуыл жасау қаупі жоғары. Бұдан соң, теңізшілер су бетіне жасырылған миналарды жойып, отқа оранған корабльде құтқару операциясына қатысты.

Мұқағали Балтабаев, матрос:
-Мұндай жауынгерлік оқу-жаттығулар матростар үшін Отан қорғау жолындағы білімі мен біліктілігін арттыра түседі. Ал сержанттар мен офицерлер әскери бөлімнің қорғау мен күзет дайындығын пысықтайды.

Бауыржан Мұратұлы, ҚР ӘТК Әскери теңіз базасының командирі:
-Әскери-теңіз базасының теңіз жаяу әскери-десанттық шабуылдау батальонының жеке құрамы жауынгерлік техникамен 50 шақырымға жорық жасады.