Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында су басқан ауылдарда келген шығынның көлемі анықталып жатыр

Арнайы құрылған комиссия мүшелері тасқыннан зардап шеккен үйлер мен қора-қопсыны аралап жүр. Тек Қобда ауданында 101 үй су астында қалғаны белгілі. Еріктілер жомарт жандардан жиналған киім-кешек, төсек-орын және азық-түліктің алғашқы легін бірнеше көлікке тиеп, зардап шеккендерге апарып берді.

Қостанай облысының оңтүстігіндегі өзендерде мұздың көбесі сөгіліп, сең қозғала бастады. Ал солтүстікте қар әлі қатып жатыр. Әзірге тек Сарыторғайдың арнасынан асып, тасу қаупі бар. Сол себепті өзендердің деңгейі бақылауға алынған. Құтқарушылар алты аудандағы өзендердің қауіпті он бес аумағында мұз жаруға кірісіп кетті.