Хабар телеарнасы

Мыңға жуық қызғылт қоқиқаз Маңғыстау маңына оралды

Жылы жаққа қайтатын құстар миграциясы, елімізге қайта оралды. Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев аса сирек кездесетін құстарды бейнежазбаға түсіріп, ұмытылмас әсерімен бөлісті. Қоқиқаздар қырқүйек айында Хазар қорығына, одан әрі Иран жаққа ұшып кеткен. Бұл құстардың елімізге келген алғашқы легі болуы мүмкін. Себебі жыл сайын біздің елге 100 мыңға жуық қызғылт қоқиқаз ұшып келеді екен.