Хабар телеарнасы

Шымкентте күн күрт ысуына байланысты өрік ағаштары гүлдеді

Шаһарда күндіз ауа температурасы +20, ал түнде +4 градус шамасында. «Көп ұзамай алма, шие ағаштары да гүлдейді. Алайда бағбандар ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін алаңдаулы. Себебі өткен жылы наурыз айында мезгілсіз жауған қардың салдарынан барлық егін алқаптарын үсік шалып, ағаштар жеміссіз қалған. Ал дендрологиялық саябақтың ғылыми қызметкерлері уайымдауға негіз жоқ»,— дейді. 

Бибіжамал Мәлік, дендросаябақтың ғылыми қызметкері:
-Дендросаябақта жеміс ағаштарынан алманың оннан астам түрін кездестіруге болады. Шабдалы, өрік ағаштары да бар. Қазіргі таңда жеміс ағаштарының ішінде өрік гүлдеп тұр. Жалпы биылғы жылы ауа-райы тұрақты болып, қалыпты жағдайда гүлдеді. Сол үшін де жемістері де жақсы болады деп күтілуде.