Хабар телеарнасы

Қазақстандықтар үшін Наурызды Түркістанда қарсы алу дәстүрге айналып келеді

Биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен рухани астанаға халық ағылатын сияқты. Қазірдің өзінде әуе, темір жол көліктеріне билет жоқ. Мамандар облыс орталығындағы ірі қонақ үйлерде де орын тапшы екенін айтады. 10 мыңдай саяхатшы нөмірлерді алдын ала брондап қойған. Биыл Әз-Наурызды облыс аумағында 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Жүзден аса түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. 18-23 наурыз аралығында Түркістанға 26 әуе рейсі қатынайды.

Нұрдәулет Медеуов, облыстық Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
-Ішкі рейстермен келетін қонақтардың саны 2500 ге жетіп қалады. Бізде Түркістан қаласында 1300 дей нөмірлік қорымыз бар. Олардың бәрі толықтай сатылымға кірді деп айта аламыз. Көршілес басқа қалаларымызда, яғни Кентау қалаларында басқада жақын орналасқан қалаларда қонақтар жайғасуда.