Хабар телеарнасы

Шымкентте 21 адам бруцеллез жұқтырған

Өткен жылы өңірдегі сиыр мен қойдан бруцеллез анықталған соң, қауіпті инфекция ошақтарында болған тұрғындар тексерілді. Сүт өнімдерінен 114 сынама алынып, оның 9-ынан инфекция анықталған. Сондай-ақ мамандар топырақ құрамын, жүн мен көңді де зерттеген. Шаһардың бас санитарлық дәрігері бруцеллездің жануарлардан жұғып, созылмалы дертке апаратынын ескертті. 

Әбдіманап Төлебаев, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- Қоршаған орта сынамаларынан оң нәтиже анықталған ошақтардағы жергілікті ветеринарлық қызметтердің тарапынан залалсыздандыру жұмыстарын біз талап еттік. Ол жұмыстар жүргізілді.