Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында 12 ауылға газ құбыры тартылады

Нәтижесінде, көгілдір отынды тұтынып отырған тұрғындар үлесі 94,4% жетті. Жыл соңына дейін 9 мыңнан астам адам көмір тасып, от жағу бейнетінен арылады. Бұл мақсатта бюджеттен 13 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ облыс орталығына дейін «Бұқара-Орал» магистральды газ құбырынан үшінші желі құрылысы басталады. Бұл Ақтөбе қаласы мен іргелес елді-мекендерді көгілдір отынмен үздіксіз қамтамассыз ету үшін қажет.

Самат Лепесов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
-Бұл жобаның қазір жобалық-сметалық құжаттары реттеліп, мердігер анықталып жатыр. 2023 жылға бюджеттен 4 млрд 900 млн теңге қаржы бөлінеді. Жалпы құны 43 млрд. 400 млн теңге.