Хабар телеарнасы

Колониялардағы медициналық қызметтерге ҚР ДСМ жауапты болады

Бірінші 16 тергеу изоляторы, одан кейін 64 мекеме берілді. Бүгінде сотталғандарды электрондық тіркеу жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігі мамандарының айтуынша, түрмелердегі медициналық қызмет көрсету сапасы нашар. Әрі дәрігер тапшы.

Мадина Сержанова, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің санитарлық дәрігері:
- Қазірде қылмыстық атқару жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің барлық штаты берілді. Енді 800-ге жуық ақ халатты емханаға қабылданып, жұмысын жалғастырады. Сотталғандарды емдегені үшін олардың жалақысы екі есе өсті.