Хабар телеарнасы

Алматы облысының шаруалары мал бордақылау ісін табыс көзіне айналдырған

Бұрын заңгер, есепші, құрылысшы болып жұмыс істеген азаматтар ауылға оралып, мал шарушылығымен айналыса бастады. Әуелі 10 бас сиырмен кәсібіне кіріскен еңбеққор жандар енді етті бағыттағы ірі-қара санын артыруды көздейді. Жалпы Балқаш ауданында мал ұстайтын ірілі-ұсақты 1200 қожалық бар. Ірі қара саны жүз мыңнан асты. Қысқа әзірлік қамымен 194 мың тонна шөп, 40 мың тонна жем азығы жиналған. 

Думан Қуанышұлы, шаруа қожалығының басшысы:
- Мен ең бірінші сапаға жұмыс істеген жоқпын. Санға жұмыс істедім. Қазіргі уақытта 4-5 жыл боп қалды малды асылдандырып, селекция жасап бұқамызды ауыстырып. Биыл төртінші жыл ангус қосып жатырмын. Екі жыл болды жақсы бұзаулар түсіп жатыр. 

Нұралы Шүленбаев, Балқаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
- Былтырғы жылы бізде 17 шаруа қожалығы жақсы асылдандырған. Енді сегіз шаруа қожалық қосылды. Сонымен 25 шаруа қожалығымыз бар таза асылдандырып, жұмыс жасап жатқан. Қысқа дайынбыз. Аман-есен көктемге шақсы шығамыз деп ойлаймыз.