Хабар телеарнасы

Қызылорда облысындағы теңіз жағасына егін егіледі

Сырбойылық мамандар көл-көсір суды соңғы 5 жылда нәр тамбаған ескі арналарға бағыттап жатыр. Ең бастысы  Арал теңізінің қоры біраз молайып қалды. Жыл басынан бері теңіздің солтүстік бөлігіне 100 млн текше метрден астам су жіберілді. Қазір Аралға құяр сағадағы Ақлақ тоспасы арқылы секундына 180 текше метр шамасында су өтіп жатыр. Теңіз маңын мекендесе де тіршілік нәріне жарымаған шаруалар биыл алғаш рет мың жарым гектар алқапқа егін екпек. 

Қайырбол Қайыперенов, Аманөткел ауылының тұрғыны:
- Қамбаш көлі бар, мына Ақшатау көлі бар бәрі кеуіп қалып еді. Солардың бәріне су барып, осы тұрғанда бәрі жақсы. Дарияның бойынан 7 гектардай жер жоңышқа, картоп егіп, су келген соң бәріміз де тірлік жасап жатырмыз.

Сейілбек Нұрымбетов, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы:
- Мұздың жағдайына байланысты төменге жіберілетін судың көлемі біртіндеп жоғарылап келе жатыр. Соған байланысты Солтүстік Арал теңізіне берілетін судың көлемі де біртіндеп артады.