Хабар телеарнасы

Жыл сайын адам саудасына қатысты жүзден астам қылмыс тіркеледі

Осы ретте Халықаралық даму агенттігі адам саудасы және оның болу себептері жайында жазылған арнайы әдістемелік құрал шығарды. Нұсқаулық арқылы өкілетті органдар мен үкіметтік емес ұйымдар ел тұрғындарына ақпарат беріп, қоғам арасындағы қылмыстық топтарға тосқауыл қоймақшы. 

Самат Нысанбаев, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының аға оқытушысы: 
- Адам саудасы ұйымдасқан қылмыстық топтардың өте үлкен бір кіріс көзі ретінде өршелегендіктен оны тоқтату қиынға соғады. Ол құралда адам саудасы құрбандарын анықтайтын 12 критерий келтірілген. Өзгешелігі – бұған дейінгі осы адам саудасының саласында қарсы іс қимылды жүйелендіріп бір ізге салып әзірленген.