Хабар телеарнасы

Ақтоғай ауданындағы мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылған

250 млн теңгеге 24 пән кабинеті мен шеберханаларға керек-жарағы түгел алынды. STEM-зертхана, заманауи үлгідегі кітапхана, АРТ-студия, физика, химия сыныптарындағы су жаңа құрылғылар балалардың сабаққа деген ынтасын арттыра түскен. Қазір мектепте 378 оқушы оқиды, әрі мектептің материалдық-техникалық базасы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жаңартылған. Әзірге бұл қордың көмегімен жаңарған аймақтағы алғашқы мектеп. Биыл тағы 3 білім ошағы осы жобаға енгізілгелі отыр. 

Әсем Нұрбай, 7 сынып оқушысы:
-Бұрыңғыға қарағанда қазір біз көп тәжірибе жасаймыз және зертханалық жұмыстарды да көп жасаймыз. Қазіргі таңда балалардың сабаққа деген қызығушылығы артты.

Нұргүл Жарылғапова, бастауыш сынып мұғалімі:
-Бұл әрине оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Сонымен қатар функционалды сауаттылығын дамытуға, оқу процесін қызықты, әрі тиімді ұйымдастыруға көп көмегін тигізіп жатыр. Келген мына жабдықтар зерттеу жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы.