Хабар телеарнасы

Қазақстандық ЖОО рейтингі анықталды

19 критерий бойынша бағаланып, үздіктер анықталды. Көштің басында Қазақстан-Британдық Университеті, Астана медицина университеті және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандық студенттердің 67% тұрақты жұмыспен қамтылған.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрағасы:
-Білім беру бағдарламалардың 91%-ы танылған аккредиттеуден өткен. Бұл да олардың сапасының жақсарғанын растайды.Жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы 97 күн. Сұранысқа ие бағдарламалары бойынша 1 ай ішінде жұмысқа орналасады.