Хабар телеарнасы

Ақсуат ауданында 300-ге жуық адам баспана кезегінде тұр

Өзекті мәселені шешу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өңірде соңғы үш жылда 85 шаршы метрлі 60 үй салыныпты. Өткен жылы ауданда 16 отбасы қоныс тойын тойласа, биыл 26 баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Гүлім Нұрқасымова, Ақсуат ауылының тұрғыны:
-Біз көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы әрі дәрігер ретінде үй алдық. Үй жақсы, бірінші рет қыстап жатырмыз, тез жылынады. 

Ерсін Ескендіров, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары:
-Мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету мақсатында жалдамалы пәтерлер пайдалануға берілуде. Қазіргі таңда Ақсуат ауылында 58, Екпін ауылында 2 пәтер пайдалануға берілді. Бағдарламаның мақсаты – жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту, кезекте тұрған адамдардың санын азайту.