Хабар телеарнасы

Таразда сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан

Прокуротураның мәліметінше, 35 жастағы келіншек 4 қаңтарда босанған. Одан соң аурухана қызметкерлеріне материалдық жағдайының төмендігіне байланысты, нәрестені балалар үйіне беретінін айтқан. Жағдайды оңтайлы пайдаланған екі акушер, балалы бола алмай жүрген 39 жастағы әйелмен хабарласып, сәбиді 1,5 млн теңгеге сатып жіберген. Медицина қызметкерлері шақалақтың құжаттарын реттеу барысында ұсталған көрінеді. Олар 9 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жамбыл Сматов, қала прокуроры:
-Кәмелетке толмағанды сату дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру тіркеліп, 2 медицина қызметкері уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда нәресте балалар үйіне орналастырылған, жағдайы тұрақты. Қылмыстық істің тергелуі прокуратураның бақылауында. Сатқан да сатып алған да және ортасында болған делдалдар, барлығы жауапқа тартылады.