Хабар телеарнасы

ОСК Сенаттың жаңа депутаттарын ресми тіркеді

Жаңа заң аясында қалған ондық Президент жарлығымен тағайындалды. Айта кетейік, өкілеттіктері басталған құрам алдағы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына дейін Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайтын болады.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Сенат әрі қарай өңірлермен тығыз байланысты жалғастыратын болады. Барлық сайланған депутаттардың басым бөлігі — өңірден шыққан азаматтар. Яғни жергілікті мәселені жетік біледі. Әлеуметтік мәселелерден бастап, мәселелердің барлығымен етене мәслихаттармен бірлесе отырып қоян-қолтық жұмыс атқаратын боламыз.