Хабар телеарнасы

Атырауда жұмыссыздар үшін өндіріске қажетті мамандарды тегін даярлайтын курс ашылды

Курсқа жұмыссыз ретінде ресми тіркелмеген ауыл жастары да қатыса алады. Оқуға қабылданғандар тегін тамақпен және жатақханамен қамтылады. Жергілікті билік пен мұнай өндіруші компания арасындағы келісім негізінде 2019-22 жылдары 2 мың маман қайта даярлаудан өтіп, оның 1300-і жұмысқа орналасқан. 

Азамат Мәмбетов, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Биылдың өзінде 1000 адамды қайта даярлау және даярлауды жоспарлап отырмыз. Ол 5 мамандық бойынша яғни құбыр монтаждаушы, электр монтажер, КИП мамандықтары бойынша: құбырларды дәнекерлеу, металлоконструкция дәнекерлеушісі тағы да басқа осындай мамандықтар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.