Хабар телеарнасы

ШҚО-да жылу тарифі қайта есептеледі

Жылу электр орталығындағы апаттардың салдарынан көппәтерлі үйлердегі жылу 15 градустан аспаған. Сондықтан табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкерлері тарифті қайта есептеуге кірісті. Ал облыстық прокуратура бұл мәселені қатаң бақылауға алған. Жылуға жарымаған қала халқы өткен жылдың қарашасынан бері ешқандай төлем жасамаған.