Хабар телеарнасы

Елордада үздік қызметкерлер марапатталды

Ал 253 тәртіп сақшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына лайық деп танылды. Бірлестік спорт пен қызметті қатар алып жүрген үздіктерді марапаттады. Сонымен қатар арнайы жиында өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар талқыланды. 2025 жылы «Динамоға» 100 жыл толады. Соған орай бірлестік спортты дамыту бағдарламасын әзірлген.

Асқар Омарқұлов, «Динамо «дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары: 
- Бізде Динамода 180 секциясы бар. Оның ішінде 112 тегін секция. 6000-ға жуық бала сол секцияларда дайындалады. Ауыл спортын, біздің қазақ спортын, айтады ғой ұлттық спорт түрі деп. Соларды дамытуға біздер көптен-көп үлес қосамыз!