Хабар телеарнасы

Қостанай облысында 83 үй жылусыз қалды

Бұл жылу беру маусымы басталғалы кеншілер қаласындағы екінші апат. Қазір шағын шаһарда ауа температурасы 12 градус аязды көрсетіп тұр. Бірнеше бригада құбырдың тесілген тұсын іздеп жатыр. Анықталса, дереу ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. «Жылу құбырын қалыпқа келтіруге кемінде екі сағат керек», – дейді мамандар.

Арман Жүнісов, «Рудный жылу жүйесі» ЖШС директоры:
- Магистраль көптен бері жөнделген жоқ. Сондықтан жарылған. Қазір су сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Содан кейін құбырдың тесілген жерін іздестіреміз.