Хабар телеарнасы

Ақтөбеде апатты үйдің тұрғындары өтемақы ала алмай жүр

Едені, шатыры мен жылу желілері тозған. Тіпті өткен жазда бір қабырғасының кірпіштері құлап қалыпты. Үйдің жағдайына қатысты ақпарат билікке жеткен соң бюджет қаржысы есебінен тәуелсіз сараптама жасалған. Нәтижесінде, апатты деп танылған баспанадағы әр пәтер иесіне 6 млн-нан 8 млн теңгеге дейін өтемақы төлеу және әрқайсысына саяжай аумақтарынан жер телімін беру туралы шешім шығарылған. Бірақ содан бері біраз уақыт өтсе де, сең қозғалар емес. 

Валентина Берденова, қала тұрғыны:  
-Қорқамыз «астында қалып қоямыз ба», — деп. Үйдегі жар да жарылып жатыр. Сосын жүргенде бар ғой ана пол деген қозғалады.

Руслан Әжниязов, Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
-15 ақпанға дейін оларға қаражат бөлінеді деп жоспарлап отырмыз. Ол ақшаны енді алып, әрі қарай өздері қарайды. Қазір бірталай мемлекеттік бағдарламалар бар ғой. Квартира алып әрі қарай енді кредит арқылы не істеуге болады. Енді оларға қосымша дачный участок беріліп жатыр. Сол дачный участокке үй салуы мүмкін.