Хабар телеарнасы

Қостанай облысындағы алапат орман өртіне трактор жүргізушісі кінәлі

44 жастағы ер адам техниканы тізгіндегенде ормандағы өрт қауіпсіздігін ескермеген. «МТЗ» тракторын ұшқын сөндіргішсіз пайдаланған. Соның салдарынан от тұтанып, айналаға лезде тарағаны белгілі болды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Ал «Басаман» орман шаруашылығының директорына қатысты іс әлі сотта қаралып жатыр. Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында Әулиекөл ауданында 40 мың гектардай қайың мен қарағай өртеніп, мемлекетке 18 млрд теңге залал келтірілді. 

Ләззат Байғожина, облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы: 
- ҚР Қылмыстық кодекстің 58-бабы 2-тармағын пайдалана отырып, азаматқа қатысты іс бойынша бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 63-бапты қолдана отырып қабылданған жаза шартты түрде деп қабылданды. Іс бойынша азаматтық талап қойылған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді.