Хабар телеарнасы

«AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасын іске қосты

Жоба шеңберінде заңгерлер жергілікті тұрғындарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орталықтарына барады. Осылайша, азаматтар мамандардан тікелей кеңес алып, қаржылық және заңдық сауаттылығын арттырады. 

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Осы жоба аясында партиямыздың заңгерлері ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсететін болады. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталуы керек.