Хабар телеарнасы

Алматылықтар Дінмұхамед Қонаевты еске алды

Бүгінде Алматыдағы Дінмұхамед Қонаевтың музейіне келушілер көп. Музей реэкспозициядан кейін бірнеше жаңа экспонатпен толықты. Солардың бірі гиперреалистик фигура. Дінмұхамед Қонаевтың 111 жылдығына орай алматылықтар мүсініне гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Музейіне барды.

Бұл Алматыдағы Дінмұхамед Қонаевтың музейі. 2002 жылы 90 жылдық мерейтойына ашылған. Содан бері мұнда адам қарасы үзілген емес. Ал туған күніне орай келушілер тіптен көп. Бәрінің көргісі келетініні Қонаевтың жұмыс кабинеті. Мұндағы жаңа экспонат Дінмұхамед Ахметұлын бейнелейді. Гиперреалистик фигура деп аталады. Оны суретші Бақытжан Досымов 3 айда жасаған. Мүсін аса қатты күтімді қажет етпейді. Бөлме температурасында тұра береді.

Бақытжан Досымов, суретші: 
- «Пчелиный воск» дейді ғой. Содан жасалды. Шаш кірпігі, көзі протездан жасалды. Қалған киімдері дене пошымын бір адамнан құйма «снимать» етіп кәдімгі соның бойымен сай. Ол кісінің бойы 1,93 еді ғой. Соған қарай адамды лайықты тауып алып соған қарай жасадық.

Фигураны жасауға балауыздан бөлек силикон, парафин және гипс қолданылған. Киім мен төсбелгі Қонаевтың өзінікі. Жәдігер музей реэкспозициядан өткен соң қойылған.

Елена Кубашева, Д.Қонаев музейінің жетекшісі: 
- Келушілер өте көп. Биыл емес жыл сайын өте көп келеді. Әсіресе мына реоэкспрозициядан өткеннен кейін біздерде екі есе, үш есе көбейді келушілер. 2022 жылы 25 мыңнан астам адам келді. Соның ішінде мені қуантатыны жастар. Көбінесе жастар келіп жатыр. Студенттеріміз бар. Оқушыларымыз бар. Ересекетеріміз де бар.

Қазір Қонаев музей үйінде 8 мыңнан астам жәдігер бар. Оның барлығы «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабының негізінде, хронологиясы сақтала отырып орналастырылған. Нысан цифрлық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталды. Келушілер аудиогид көмегіне де жүгіне алады. Бұған қоса, 2012 жылы Дінмұхамед Ахметұлының өзі тұрған пәтері мемориалдық музей болып ашылған.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Кенже Амраев