Хабар телеарнасы

Түркістан облысының дәрігерлеріне шетелдік мамандар шеберлік сабағын өткізді

Ондағы мақсат – өңірдегі медицинаны дамытып, дертке шалдыққан жандарды емдеудің қыр-сырын үйрету. Алдымен Астанадан келген мамандар мен Италиялық әріптестер жергілікті дәрігерлерге жылжымалы ангиография жүйесімен жұмыс істеудің ерекшелігін түсіндірді. Одан кейін науқасқа операция жасады. Аудандық 3 ауруханаға ангиография қондырғылары орнатылды. 

Ерғали Әлімбаев, Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері: 
- Инфаркт, инсульт деген диагонозбен көптеген науқастар түсіп жатады. Соларға дер кезінде топененттік тұрғыдан қай жерден, қандай тамырлар, қандай жағдайға ұшырады. Қалыпты жағдайдан қалай ауытқыды. Тамырлардың тарылуы, жабылып қалуы немесе кеңейіп кетуі осы ангиографиялық аппарат арқылы білеміз. Сол арқылы емдейміз.