Хабар телеарнасы

Ақтауда МӘМС қоры филиалының басшысы ұсталды

Бұл туралы облыс прокуратураның өкілі мәлімдеді. Осы дерекке қатысты медициналық қызмет көрсетуші компания директоры да күдікке ілінді. Кәсіпкер тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету бойынша қормен келісімшарт жасаған. Кейін Денсаулық сақтау министрлігінің базасына 600-ге жуық адамның дәрігерге қаралып, ем алғаны жайлы жалған ақпарат енгізілген. Руслан Бектубаев қазір тергеу изоляторында. Ал сыбайласына ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген.

Данияр Төлегенов, облыстық прокуратура басқармасының бастығы: 
- Бектубаевқа қатысты және «Гранд мед» мекемесінің директоры Жумалиеваға қатысты қылмыстық Кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың әрекетінен мемлекетке 17 млн 500 мыңға жуық теңге залал келтірілді.