Хабар телеарнасы

Теміртауда қатты аяз салдарынан ауыз су құбыры қатып қалды

Коммуналдық қызмет құбыр суын қайта еріту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалалық әкімдік өкілдері апатқа қарамастан, су төмендетілген қысыммен беріліп тұрғанын алға тартса, тұрғындар кей үйлерде тіршілік нәрінің мүлдем жоқ екенін айтып шағымданған.

Владислав Ким, «Оқжетпес-Т» ЖШС техникалық директоры: 
- Кеше түнде Қарағанды көшесі бойындағы құбыр қатып қалған. Қазір мұнда екі бригада арнайы жұмылдырылып, таңнан бері жұмыстар жүргізіп жатыр. Алдағы екі сағатта қала тұрғындарына қайтадан су беріле бастайды.