Хабар телеарнасы

12-13 қаңтар күндері алматылық оқушылар қашықтан оқу тәртібіне көшеді

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады. Сабақ онлайн оқу талаптары мен ережелеріне сәйкес жүреді. Ал балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Айта кетейік, Алматыда кешеден бері қар толасыз жауып жатыр. Қалада 15 сантиметр қар түссе, таулы аймақта – 20, 25 сантиметр қар жауған. Қазір ауа температурасы - 15-ті көрсетіп тұр. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, алдағы тәулікте аяз күшейіп, түнде - 25-ке дейін төмендейді.