Хабар телеарнасы

Талдықорғандағы жылу орталығының қазандығында жарылыс болды

Зардап шеккендер жоқ. 2020 жылы жаңғыртылып, көгілдір отынға қосылған қазандық арқылы 70-тен астам көпқабатты және 112 жер үй жылытылады. Сонымен қатар 8 мемлекеттік мекеме мен 97 бизнес және өзге де орталықтар жылумен қамтамассыз етіледі. Қазір аталған нысандарға насосты станциялар арқылы жылу беріліп жатыр. Арнайы құрылған комиссия жарылыстың неден туындағанын анықтауға кірісіп кетті. Мамандар апат орнын тазалап, қосымша пешті іске қосты.

Әсет Масабаев, қала әкімі: 
-Қазіргі таңда бізде қалада 10 қазандық бар. Оның ішіндегі бесеуін біз газға ауыстырғанбыз. Қалған бесеуі көмірмен жасап жатыр. Бұдан бөлек мектептердің өз қазандығы бар. Ауруханалардың кейбіреуінің өз қазандығы бар. Бәрі қалыпты деңгейде жұмыс істеп жатыр. Жылумен қамтамассыз ету толыққанды жүргізіліп жатыр.