Хабар телеарнасы

«Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасы 2024 жылдан бастап іске қосылады

Бұл ақша бала камелетке толғанда ғана пайдалануға беріледі. Бұл президент тапсырмасы. Қазіргі жоспар бойынша жобаға 6,5 млн бала қамтылмақ. Мемлекеттік әдіспен 18 жылдан соң әр шотта қанша қаржы болуы мүмкін? Бұдан бөлек қосымша жеке шоттарда ақша жинаудың қандай жолдары бар? 

Бұл — Гаухар Әлқожаева. 12 жасар ұлдың анасы. Жас отбасы сәбилі болған шақта ақша жинауды жоспарлаған. Алайда әлі күнге дейін бұл жоспар іске аспай келеді екен.

Гаухар Әлқожаева, Астана қаласының тұрғыны:
-Ұлым туғанда Үкіметтен берілген жәрдемақыны жинау жоспарда болған. Әне жинаймыз міне жинаймыз деп келе жатқанда болмай қала береді. 3-4 жыл дегенде Колледжге түсуі мүмкін. Грантқа түссе деген ниет бар. Түспей қалса қалтамда қаражат жоқ. Жинау деген ниетім бар. Қолдан келмей жатыр. 

Бұл көптеген ата-ананың проблемасы. Біріне тапқан табыс жетпейді. Ал енді бірі ақша жинауға құлықсыз. Бірақ бұл - бала үшін мал-мүлік жинайтындар жоқ деген сөз емес.

Алайда қаржыгер кез келген айлықтан ақша жинап үйренуге болатынын айтады. Мәселен, ай сайын 10 мың теңгеден салым салса, 18 жылда 2 млн шамасында ақша жиналады. Әрине инфляцияға байланысты салым пайызын көтеру керек.

Эрита Әбдібаева, қаржыгер:
-10% жинап үйренген адам 20% да жинап үйрене алады. Мейлі 10% өзін жұмыс жасатуға болады. Осылай ақша айналымы көбейеді. Міндетті түрде ақша жинау керек деген өзіне сенімді ұялату керек.Мақсат қою керек.

Экономистердің айтуынша көп ата-аналар баласы жоғарғы оқуға түсер шақта жиі несие алады екен. Өйткені грантқа ілінбеген жағдайда ақылы бөлімде оқытуға қаражат қажет болады. Сондықтан мамандар қазірден әрекет етіп, ақшаны арнайы балаларға арналған депозиттерде сақтаған дұрыс дейді.

Сапарбай Жобаев, экономист:
-Қазақ халқы ежелден балдарын ойлап мал сатып алып балаға атап тай мінгізіп дәстүрлер бұрыннан болған. Бүгінгі күндегі жаңа үрдіске жаңа депозиттерге бағалы қағаздарға немесе акцияларға өткізу бұл жаңа өркениетті мемлекеттердің дәстүріне кіреді.

Айта кетейік, Швейцария елінде сәби дүиеге келгеннен-ақ арнайы есепшот ашу ата-анаға міндеттеледі. Айлықтарының белгілі бір мөлшері сол шотқа түсіп отырады. Тек камелетке толғанда ғана оны алуға мүмкіндік бар. Бұл жүйе елімізге де келуі мүмкін. Өйткені президент өз жолдауында ұлттық қорға түскен жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50% болашақ жастарға берілетінін айтты. Қазір де бұл жоба әзірлену үстінде.

Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:
-«Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленіп жатыр. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда

Мамандардың айтуынша бұл жоба арқылы 18 жыл ішінде бір баланың шотында шамамен 3,5-4 мың доллар ақша жиналады.

Сапарбай Жобаев, экономист:
- Ал егерде әке шешеде соған қосып, өз мүмкіндіктеріне қарай депозитке салса, 7-8 доллар жинаса бүгінгі күнгі есеппен 2 пәтерлі үй алуға болады.

Нұрлан Әбдікәрім, тілші:
-Иә экономистер осылай, мемлекеттің бастамасы ата анаға мотивация болу керек дейді. Жинақтау шоты мен жеке банк шотындағы қаражатты камелетке толған азамат не білімге салады, не үй алады, не болмаса кәсіп бастар. Ең бастысы аяққа тұрып кетеді. Осылай мемлекет те, ата-ана да бала алдындағы міндетін орындайды.

Авторлары: Нұрлан Әбдікәрім, Болатбек Табалдиев