Хабар телеарнасы

Ақтөбеде әйелдер форумы өтті

Осы және өзге де өзекті мәселелер «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстанның барлық өңірінде өткізілген «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» форумында талқыланды. Форумға қатысушылар заманауи қоғамдағы әйелдің рөліне ерекше мән берді. Диалогқа мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, бюджет саласының қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері және тағы басқалар қатысты.

Жұлдыз Қожабекова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты:
-Әйелдердің қазіргі әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі рөлі өте жоғары ғой. Бұрын бізде қазақ қоғамында әйел адамдар тек қана отбасының ұйытқысы болса, тек қана бала тәрбиесімен айналысса, қазіргі таңда әйелдер жан-жақты, кәсіпкерлікпен де айналыса алады, саясатқа да келе алады. Соның жарқын көрінісі – бүгінгі форум.