Хабар телеарнасы

Алматыда қаржы пирамидасына байланысты сот өтіп жатыр

Айыпталушы 12 адамның қатарында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар. Олар өз кінәсін мойындамады. Күдіктілердің бірқатары кінәсін жартылай ғана мойындаған. Ал үшінші вайнер Әзімжан Сайдбаевқа іздеу жарияланған. Қалған күдіктілердің барлығы қамауда. Алайда бұған дейінгі сот отырысында судья Мейіржан Төребаевқа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстырған. Қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар салымшыларға «өздері құйған ақшадан айына 20%, ал жылына 240% кіріс табасыздар», — деп сендірген. Жәбірленушілердің арасында 70, 80 тіпті 125 млн теңгеден астам қаржы салғандар бар. Салымшылар Аstex, ACD Technology және MudaRabah Capital серіктестігімен 2 миллиард 500 млн теңгедей сомаға келісімшарт жасаған. Сот әлі жалғасады.