Хабар телеарнасы

Оңтүстіктегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар

Қазір онда тәулігіне орташа есеппен 42 млн текше метр су келіп жатыр. «Мерзімінен бұрын толған қойма көктемде тасуы мүмкін», — деп мамандар дабыл қағып отыр. Әрі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «Шардара» қоймасының суын 70% асырмау жөнінде ұсыныс хат жолдаған. Онда Үкімет деңгейінде штаб құру мәселесі де көтерілген.

Махамбет Жазықбаев, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының басшысы:
-Шардара былтырғы жылы осы уақытта почти 2 млрд 200 болған. Қазір былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100% артық болып отыр. Сондықтан қазір сол Қызылорда облысына қарай біртіндеп, біртіндеп су деңгейін тастауды көтеру керек сияқты.