Хабар телеарнасы

Талдықорған тұрғындары сапасыз салынған үйдің зардабын тартып келеді

Содан бері бірнеше ай өтсе де проблема шешімін тапқан жоқ. «Шаңырақ» бағдарламасымен баспаналы болғандар үйінің шатырын жамап-жасқап, қабырғадан су ағу себебін анықтаумен әлек. Әрі табиғи газ тартылмаған.

Айта кетейік, 200-ден аса үйді тұрғызуға қазынадан 3,7 млрд теңге бөлінген. Екі жыл бұрын қоныстанған тұрғындар ипотеканың ақшасын төлеумен қатар, тұрмыстың тауқыметін тартып келеді. Ашынған жұртшылық осы жолы да наразылық білдірді. 

Лаура Сәкенқызы, қала тұрғыны: 
-Қар ерігенде кешке қатады да қар ерігенде сорғалайды. Кәдімгідей шелек қойып отырамыз.

Мәди Шәкенов, қала әкімінің баспасөз хатшысы: 
-Құқық қорғау органдары мен облыстық прокуратураның басты назарында. Қылмыстық іс қозғалған.