Хабар телеарнасы

Риддерде 22 мың тұрғын жылусыз қалды

Мұнда қазір жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған. Мектептер қашықтан оқуға көшіріліп, балабақшалар жұмысын тоқтатты. Жергілікті жедел штаб өкілдерінің хабарлауынша, жылу электр орталығындағы багер станциясын су басып қалған. Салдарынан қазандықтарды қыздыратын мазутқа су араласып кеткен. Дегенмен жылыту орталығында жұмыс істеп жатқан мердігерлер мазутты сорып алып, барлық агрегаттың жұмысын қалпына келтірді. Қазір орталық қалыпты режиміне жұмыс істеп тұр. Жергілікті билік келеңсіз жағдайға станция басшылығын кінәлап отыр.