Хабар телеарнасы

Атырау облысында төрт түлікке су жетпей жатыр

Судың жетіспеушілігі шаруаларды да әбігерге салған. Каналды ойып, су шығарғанымен оның өзі бәріне бірдей жетпейді. Ал арналарға су айдау жұмыстары «Қазсушар» мекемесімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қазір Индер ауданында 150 мың бас мал бар.

Дарын Шамұратов, Индер ауданының әкімі:
- 29 желтоқсан күні Бағырлай каналына су жіберу жұмыстары басталды. Бұл жерде атап өтерлік мәселе – қазір екі жүзбелі пантон насос орнатылған. Соның біреуі қосылды. Екіншісіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар 3 қаңтар күні аудандағы Ақсай каналына су айдау жұмыстары басталды. Күні бүгінде Алғабас-Жорық каналына су айдау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр.