Хабар телеарнасы

Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында алғашқы мұз айдыны ашылды

Мұз айдынының аумағы айтарлықтай үлкен. 1800 шаршы метр. Сырғанау алаңы жастардың сүйікті демалыс орталығына айналған. Мұнда күніне 150 адамға дейін келеді. Саябақты абаттандыруға жергілікті бюджеттен 70 млн теңге бөлінген. Оның 20 млн сол мұз айдынының құрылысына жұмсалды. Ауыл әкімінің сөзінше, асты бетондалып, жан-жағы қоршалған аумақ жаздыкүні де қараусыз қалмайды.

Қазыбек Бейсеқұлов, Ақсай ауылдық округінің әкімі: 
- Жаздыгүні бұл жерде ролик тебеді. Ролик тебеді, картинг ойнайды мына жерде. Сосын 6 гектар жерде орналасқан. Жоспарымыз арғы шеттен шаңғы тебетін алаң жасау.

Гүлжан Мырзақұлова, Жуалы ауданының тұрғыны: 
- Өзі боранды ауыл ғой. Қысы да қаһарлы. Соған нағыз өзіне сай, ауа райына сай спорт несі болып жатыр. Керемет дүние болып жатыр. Балалар кешкі уақыт күндізі уақыт болсын уақыттарын бекерге жоғалтпайды.