Хабар телеарнасы

Бурабайға ерекше пойыз жүреді

Ұйымдастырушылар: Бұл Бурабайға туристер тарту үшін арнайы жасалып отыр, — дейді. Барлығы 100-ден астам жолаушы сыятын қос вагон ұлттық нақыш пен қыс көрінісін қабыстыра отырып әсемделген. Атап айтсақ, орындықтарына киіз көпшік төселсе, қабырғасы қазақы оюлармен өрнектелген. Осындай ерекше пойызға отыру үшін жолаушылар 2-санаттағы вагондарға билет сатып алуы тиіс. Ал ол бір ай бойы жүреді.

Жәнібек Тайжанов, тасымалдаушы компанияның бас директоры: 
- Бұл пойыз елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан күнделікті таңғы сағат 6-да, ал ескі вокзалдан 6:57-де аттанады. Сөйтіп 3 сағаттың ішінде «Бурабай курорты» бекетіне жетеді. Билеттің бағасы 2 мың теңгенің шамасында. Алдағы уақытта дәл осындай мерекелік вагондар Наурыз мейрамына орай және тек бұл бағытта емес, еліміздің басқа да көрікті жерлеріне баратын пойыздарға қосылады.

Әсем Нұғымова, «Бурабай даму» мекемесінің баспасөз хатшысы: 
- Аталған пойызбен келген жолаушылар бір күндік тур сатып алып, кешке дейін Бурабайды тамашалауға мүмкіндігі бар. Ал оның бағдарламасына 3 мезгіл тамақ пен Аяз Атаның резиденциясынан бастап Абылай хан алаңы, Жұмбақтас, Оқжетпес секілді көрікті жерлерді аралау кіреді.