Хабар телеарнасы

Елімізде алқабилер соты қарайтын аса ауыр қылмыстар қатары көбейеді

Келер жылдан бастап олар қылмыстық істердің 32 түрі бойынша үкім шығарады. Ал 2024 жылдан бастап тағы 13 құрам бойынша іс қарауға рұқсат беріледі. Жалпы алғанда алқабилер қарайтын істер саны – 45. Бұл сот төрелігін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек. Заң талаптарына сәйкес, осы уақытқа дейін алқабилерді жергілікті атқарушы органдар қалыптастырып келген еді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электрондық жүйе арқылы бірыңғай тізім жасалатын болады.