Хабар телеарнасы

Астанада республикалық әкелер форумы өтті

Кімнен үлгі аламыз деген сұрақта осы алаңда ортаға салынды. Бұл бекер емес. Себебі соңғы кезде әлеуметтік желілер арқылы ер адамдардың қатыгез, маскүнем, қылмыс жасайтын тұлға ретінде көрсету белең алған. Оған қоса бала тәрбиесіне қатыспайтын әкелердің қатары артып келе жатыр. «Әкелер одағы» сол олқылыққа қоғам назарын аударту үшін жыл сайын осындай жиын өткізіп отағасының беделін арттыру бойынша жобаларды пысықтайды.

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы: 
- Әкеге қарап тәрбиеленеді, мінез қалыптасады, болашақты ойлайды. Көп айтады жастар бұзылып кетті деп. Жоқ. Көп жастар өзінің заманыны сай өмір сүріп жатыр. Бірақ оларды дұрыс жолға салу, қолдау біздің парызымыз.