Хабар телеарнасы

Оралдықтар жылы аялдамалардың жағдайына шағым түсіріп жатыр

Мамандар: «Өзекті мәселені шешудің бір жолы – мұндай аялдамаларды сенімгерлік басқаруға беру», — дейді мамандар. Қазір қаладағы осындай 26 аялдама электрондық сауда алаңына шығарылған. Оларды күтіп ұстау және барлық шығынын уақтылы өтеу – кәсіпкерге қойылар басты талап. Тендер жеңімпаздары 20 желтоқсанға дейін анықталмақ.

Нұрлыбек Мұханбетқалиев, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы: 
- Қала бойынша қоғамдық көлік қозғалысында 491 аялдама пункті бар. 4 аялдама бір лотпен жүргізілді конкурс, бір кәсіпкердің иелігінде қазір. Ол бір жыл мерзімге жалға берілді қазіргі таңда. Ал мына сенімгерлік басқаруға берілетін 26 аялдама ол 3 жыл мерзімге сенімгерлікке береміз деп жоспарлап отырмыз.